Жарнама
Медицина

ЖАНЫМДЫ ЖАДЫРАТҚАН ҰЖЫМ

 

Ұжымның жетекшілігімен мен де қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға ұмтылдым. Бөлім  меңгерушісі Н.Ғизатова және аға мейірбике К.Төлекеновалардың тәлімгерлігімен қатысқан мейірбикелер сайысында жүлделі орынды жеңіп алдым.

Бұдан басқа ұжымдағы алдыңғы буын дәрігерлер науқас адамның көңіл-күйіне түсі-ністікпен қарап, мұқият ем-домдарды уақытылы жасауды да үйретті.

Ұжымым аз ғана уақыттың ішінде маған екінші үйімдей болып кетті. Өз ісіне деген адалдықпен қарайтын ақ халатты абзал жандар қатарында жүріп, таңдаған мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсуде. Адам өміріне араша түсіп, уақытпен санаспай еңбек ету – денсаулық сақтау қызметкерлерінің беделі деп түсінемін.

Орынғалым БЕКЕТОВА, мейірбике, Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button