ЖҰМЫРТҚА ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ МА?

Жұмыртқа - көп жағдайда оларды әртүрлі жолдармен қолданудың арқасында барлық елдер асханасында танымал әмбебап өнім. Бірақ оның пайдасы мен зияны туралы даулар толастамауда, деп хабарлайды aif.ru сайтынан.

 

Бір кездері жұмыртқаның сарысы зиянды холестерин көзі деп мойындалған. Шынында да, орташа көлемді әр жұмыртқа құрамында 350-400 мг холестерин бар, ал холестеринді тұтынудың рұқсат етілген күн сайынғы нормасы – ер адамдар үшін 390 мг және әйелдер үшін 290 мг тең. Сондықтан, адамдарға күніне әрі кеткенде екі тауық жұмыртқасын жеуге және жұмыртқаның сарысын жемеуге кеңес берілген.
Бірақ, екінші жағынан алып қарағанда, дені сау адамға астан келетін холестерин қауіп туғызбауы тиіс. Яғни, холестериннің артуымен ауырмайтын адамдарға аптасына бес-алты жұмыртқа жеуге болады. Сонымен қатар, жұмыртқаның пайдасы оның зияны туралы дәлелдерден асып түседі және күмәнсіз болып табылады.
Жұмыртқа пайдалы, себебі оның құрамында минералдар мен антиоксиданттарды қосқанда ағзаға қажетті көптеген дәрумендер бар. Жұмыртқа адамдардың ақуызды, А, B6, B12 дәрумендерін, темір, фосфор және қалайыны тұтынуының 12%-дық тәуліктік нормасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, тауық жұмыртқасының сарысында кальций, калий, кобальт, йод және мыс бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз