Жарнама
Медицина

Вагондар балалар үшін қауіпсіз бе?

Жазғы каникул уақытында теміржол мен әуе көліктерінде балалардың көптеп қатынайтыны анық. Сондықтан вагондар мен борттарда ең бірінші санитарлық талаптар сақталып, балалар үшін қауіпсіз болуы тиіс. Бұл туралы жуырда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында «Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының көлік құралдарымен тасымалдануы» тақырыбында өткен семинарда жан-жақты айтылды.

Жоғарыда атап өткендей, бұл шараның басты мақсаты – жолаушылар вагондарында ұжымдасқан балалардың тасымалдануын ұйымдастыру және қауіпсіз орналастыру, жұқпалы аурулардың және тамақтан уланудың, таралуының алдын алу. Сондай-ақ жол сапар кезінде науқастар анықталған жағдайда медицина қызметкерінің іс-қимыл алгоритмін түсіндіру.

Семинар барысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-5 «Көлік құралдарында балаларды ұйымдастырылған тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына» бұйрығына сәйкес, жол сапарға шығарда ұйымдастырушылар балаларды өлшеп-құйылған ауыз сумен қамтамасыз ету, ұжымдық сапар кезінде міндетті түрде медицина қызметкерлерімен бірге, медициналық қобдишаның болуы, вагонда балалар мен басқа да жолаушыларды бірге орналастырған кезде балаларға жеке дәретхана бөлінуі қажеттілігі және жол жиынтығына рұқсат етілген тамақ өнімдерін алу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтарлығы, сапарға шығарда ауру белгілері бар балаларды жолаушылар вагонына жіберуге жол берілмейді. Ал егер жол сапар кезінде жұқпалы ауру белгілері байқалса (қызу көтерілу, іш өту) науқас жеке купеге оқшауланады. Медицина қызметкері науқас бала туралы пойыз басшылығына, одан әрі науқастың жағдайына байланысты, жақын маңдағы темір жол станциясы жедел жәрдемге хабарлайды. Содан соң жедел жәрдем дәрігері науқасты ауруханаға жатқызу қажеттілігін анықтайды.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button