Жарнама
Медицина

Ұлт саулығын қорғаудың маңызды қадамы

Елімізде адам папиллома вирусына қарсы вакцинация 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Бұл – қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы маңызды қадамдардың бірі. Болашақ аналар мен әкелердің өмірін қатерлі дерттен қорғау, онкологиялық аурулардың алдын алу арқылы ұлт саулығын сақтау мақсатында Атырау қаласында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

b6eaa7fa d95b 49d8 98d2 47c09b84ae9f

Іс-шара республика Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және «Алматы эпидемиологтар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.
Конференция жұмысына эпидемиологиялық қызмет мамандары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдері, практикалық денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен аймақтық эпидемиологтар қатысты.
ҚР ДСМ ҰҚДСО филиалының эпидемиологиялық қызмет жөніндегі директорының орынбасары Лена Қасабекова мен Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Ирбатырова вакцинацияны қоғам денсаулығының кепілі ретінде атап өтті.
Күн тәртібі аясында ВПЧ-ға қарсы вакцинацияның Қазақстандағы ұлттық күнтізбеге енгізілу тәжірибесі, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және кешенді жоспарларды жүзеге асыру барысы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, ВПЧ-инфекцияның таралу жолдары, оның әйелдер денсаулығына, әсіресе жатыр мойны қатерлі ісігіне тікелей әсері, вакцинацияның алдын алу құралы ретіндегі рөлі жан-жақты қарастырылды.
Қатысушылар мотивациялық сұхбат жүргізу бойынша практикалық жаттығуға қатысты. Бұл денсаулық сақтау мамандарына вакцинацияға қатысты сұрақтар туындаған ата-аналармен диалог жүргізуде нақты дағды қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Конференция соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Мамандардың пікірінше, мұндай ғылыми-тәжірибелік жиындар тек мамандардың кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, қоғамның денсаулығын нығайтуға зор үлес қосады.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button