Жарнама
Медицина

ТУБЕРКУЛЕЗ – ЖҰҚПАЛЫ, ӘРІ ҚАУІПТІ ДЕРТ

 

Егер сіз өзіңізден немесе жақын адамдарыңыздан осы белгілерді байқасаңыз, тез арада қалалық емхананың біріне барып, дәрігерге көрініп, флюорографиялық тексерістен өтуіңіз тиіс. Ауруды өткізіп алғаннан гөрі, алғашқы сатысында емделсеңіз,  тез айығасыз.

Туберкулез – ем қонатын дерт. Арнайы дәрілермен толық емделген жағдайда бұл аурудан құлантаза айығуға болады. Егер дұрыс емделмесеңіз, туберкулез ауруын таратушы көзге айналасыз. Айналаңызда жүрген достарыңызға, туған-туысқандарыңызға ауру жұқтырасыз.

Туберкулезбен көбіне иммунитеті әлсіреген, асқазанда және ішекте жарасы бар, қант диабетімен ауыратын, шылым шегетін, алкогольді ішімдік пен нашақорлыққа шалдыққан, сонымен қатар, бұрын өкпесі ауырған, созылмалы қолқа ауруы бар адамдар ауырады. Сондықтан, мұндай кісілер жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтуі тиіс.

Бұл дерттен сақтану үшін: құнарлығы жоғары ет, сүт тағамдарын, балық, дәнді дақыл өнімдерін, көкөністер мен жемістерді пайдаланыңыз. Жиі-жиі бөлмеңізді желдетіп тұрыңыз, шынықтыру белсенділігін арттырыңыз, мезгілінде демалып, ұйқыңызды қандырып, үнемі көңілді жүріңіз.

Күләш ДОСЫМБАЕВА,

№7  қалалық емхананың дәрігері,

Атырау қаласы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button