Жарнама
Медицина

Сақтанғанды ғана cақтайды

«Апат айтып келмейді» демекші, адамның өмірі күтпеген оқиғаға толы. Мұндайда атам қазақ «көлденеңнен сақта» деп отырады. Дегенмен, «заманның озығы бар, тозығы бар» емес пе, бүгінде он екі мүшенің сау кезінде алдын ала қам жасауға болады екен. Яғни, әркім өзін және отбасын мүмкіндігінше кез келген оқыс жағдайдан қорғай алады. Осы орайда біз «Халық-life» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалының директоры Гүлнар Жұматовамен кездесіп, нарықтағы жаңашыл бастамалар, клиенттер мен компания арасындағы қарым-қатынас жайында аз-кем әңгімелескен болатынбыз. Бізге таңсық болған өмірді сақтандыру не үшін қажет екенін және қазақстандық сақтандыру нарығының қызметін кеңірек түсіндіріп берді. Сонымен…

Бұл не үшін қажет?

– Гүлнар Жолдасқызы, дамыған елдерде өмірді сақтандыру əдеттегі жағдайға айналса, бізде бұл тенденция енді ғана қарқын алып келе жатыр. Өмірін Аллаға ғана аманаттап үйренген қазақ үшін «өмірді сақтандыру» деген, əрине, таңсық. Өмірді қалай сақтандырамыз?

– Əңгіменің əлқиссасын кеңес беру ден бастағанымыз жөн болар. Иə, дұрыс айтасыз, өмір ді сақтандыру мəселесі Қазақстанда кенжелеп тұр. Бұл ең алдымен, қазақстандықтар арасында сақтандыру туралы түсініктің төмендігіне байланысты, əрине. Көп жағдайда тұрғындар өмірді сақтандыру полисін неге сатып алу керектігін түсіне бермейді. Елдегі сақтандырудың дамуын тежейтін тағы бір негізгі фактор – халықтың төлем қабілеттілігінің төмендігі. Орташа алғанда, қазақстандықтар табысының 60- 70%-ын азық-түлікке жұмсайды екен. Бюджеттің қалған бөлігі балаларының оқуына, медициналық қызметтерге ақы төлеуге, киім сатып алуға жəне т.б. маңызды мақсаттарға бағытталады.

– Ел арасында өмірін қалталылар ғана сақтандыра алады деген түсінік бар. Негізінен, кімдер жəне неден сақтандырылуы керек?

– Əрине, жоғарыда айтып кеткенімдей, өмірді ерікті сақтандыру саласының дамуы көбінесе ел экономикасының жай — күйіне, оның даму деңгейіне, адамдардың əл-ауқаты мен сақтандыру мəдениетіне байланысты. Өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді жинақтаушы шарттарын көбіне табысы ортадан жоғары жандар жасайды. Бүгінде біздің компаниямызда ең танымал бағдарламалардың бірі – «Халық-Қазына», қаражатты валютада жинақтаумен қатар, оған 3,52 пайыз мөлшерінде кепілдендірілген инвестициялық табыс ұсынады. Сонымен қатар, күніне 200 теңгелік жарнаны жасауға мүмкіндік беретін «LifeПерсона» полисі бар, əрі осы полис бойынша шарт аяқталған соң жинақталған сома клиентке қайтарылады. Біздің өнімдердің түрлері əртүрлі санаттағы адамдарға арналған. Əрі біз барлық өнімді барынша онлайн сатып алуға мүмкіндік жасап келеміз.

Жаңалықты жатсынба…

– Қазақта «жаны тəтті» деген сөз бар ғой. Мұндай «жаны тəттілердің» арасында əйелдер көп пе, əлде ерлер ме?

– Мұның бəрі клиенттер таңдаған сақтандыру бағдарламаларына байланысты. Біздің компанияда өмірді классикалық жинақтаушы сақтандыру шарттарының 85%-ын əйелдер, 15%–ын ер адамдар жасасады делік. Бұл ретте əйелдерде сақтандыру жарнасының мөлшері жылына шамамен 120 мың теңге, ерлерде – жылына 150 мың теңге. Көпшілігінде мұндай сақтандыру шарттары 15 жыл мерзімге жасалады. Сондай-ақ, біз «Халық Қазына» өнімі бойынша сақтандыру шарттарын жасасқан клиенттерімізге талдау жасадық. Олар сақтандыру жарналары мен сақтандыру төлемдері АҚШ долларының ағымдағы бағамы бойынша ескеріледі. Бұл біздің клиенттеріміздің жинақтарын валюта бағамының ауытқуынан қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаға ер адамдар көбірек қызығушылық танытады. Пайызға шаққанда 51% екен, ал 49%-ы əйелдердің үлесінде. Алайда, жарналардың мөлшеріне қарай, ер адамдар əйелдерге қарағанда көбірек инвестиция салады. Осылайша, əйелдер үшін сақтандыру жарнасының орташа мөлшері 20 млн. теңгені, ерлер үшін 44 млн. теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетейік, бұл бағдарлама бойынша сақтандыру сыйлықақысы бүкіл сақтандыру мерзімі үшін бірден төленеді, сондықтан жарналардың сомасы қомақты болады.

– Келісім — шарт жасалуы керек екен, тиімді сақтандырылуы үшін , қателіктер орын алмауы үшін нені білу керек?

– Əрине, өмірді сақтандыру бағдарламасының түрін таңдамас бұрын, өнімнің барлық шарттарымен мұқият танысу қажет. Мүмкін болатын тəуекелдерді шешетін жəне өтілімдері жоғары өнімді таңдаңыз. Əр сақтандыру бағдарламасында əр түрлі қосымша өтелімдері бар. Мысалы, «Бəйтерек» бағдарламасы бойынша қосымша 6 өтелімі бар дегендей. Ашып айтар болсам, жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған жағдайда қосымша төлем, жазатайым оқиға нəтижесінде I немесе II топтағы мүгедектікті белгілеу, жазатайым оқиға нəтижесінде дене жарақатын алу, ауыр сырқатты диагностикалау, еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалту.

– Бүгіндегі қаптаған сақтандыру компанияларын қалай таңдаймыз? Бірінен бірінің айырмашылығы неде?

– Ең бастысы – өмірлік қиын жағдайда сізге қаржылық қолдау көрсететін жəне шарт бойынша өз міндеттемелерін толық жүзеге асыратын сақтандыру компаниясының сенімділігін бағалау қажет. Мұны істеу үшін сізге бірнеше маңызды критерийлерді талдау көмектеседі. Өмірді сақтандыру компанияларының сенімділігі əрқашан бірнеше шартпен сипатталады. Сақтандыру компаниясының қаржылық жағдайы. Төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін бағалау сақтандыру ұйымының экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарамастан жасалған сақтандыру шарттары бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындау мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді. Сақтандыру компанияларының сенімділігін бағалау үшін маңызды қаржылық көрсеткіштер: Біріншіден, активтер. Бұл компанияның қаражаты, оның ішінде мүлік, материалдық құндылықтар, инвестициялар жəне т.б. активтердің өсуі компанияның қызметін оң сипаттай алады. Ол жиналған сақтандыру сыйлықақыларының өсуіне байланысты болса, əрине. Екінші – сақтандыру резервтері. Бұл сақтандыру компаниясы алған сыйлық ақылар есебінен құралатын жəне өзіне алған сақтандыру міндеттемелерін орындауға арналған қор. Тұрақты сақтандыру компаниясы сақтандыру резервтерінің тұрақты өсуімен сипатталады. Ал, үшіншіден, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің көлеміне маңыз беру қажет. Бұл көрсеткіштер сақтандыру компаниясының бизнес көлемін көрсетеді. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің сақтандыру сыйлықақыларына ара қатынасы жүргізілген төлемдердің деңгейін көрсетеді жəне сақтандыру компаниясының клиенттерге өтемақы қалай төлейтінін, оның сақтандыру бизнесінің қаншалықты шығынға ұшырағанын жəне компанияда тəуекелді бағалау қаншалықты дұрыс жүргізілгенін көрсетеді.

– Сақтандыру бойынша төлемге кім кепілдік береді?

 – Жинақтаушы сақтандыру полисін ресімдегендер жылына 320 АЕК сақтандыру сыйлық ақысының лимиті шеңберінде жеке табыс салығы бойынша шегерімдер ала алатынын аз адамдар біледі. Бұл артықшылықты пайдалану үшін адамға өзі жұмыс істейтін компанияның бухгалтериясына жүгіну жеткілікті. Осылайша, оның номиналды жалақысы 10%- ға жоғары болады.

– Егер төлемді аударуға жағдайыңыз болмай қалған жағдайда не істеуге болады?

– Ол үшін ең алдымен компанияға хабарласу қажет. Сақтандыру жарналарын төлеу, клиенттің таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Яғни, ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет немесе біржолғы болуы мүмкін. Бұл ретте компанияда өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша ең төменгі ай сайынғы сақтандыру жарнасы 5 мың теңгені құрайды, əрі оны онлайн орындауға болады.

Табыс артса, пайда да көл-көсір

– Өмірді қойып, көлікті, тіпті несиені де сақтандырады екен. Ол қаншалықты тиімді? Немесе қаншалықты қажет?

– Дұрыс, бұл өнімге сұраныс біртіндеп артып келеді. Осы полистің көмегімен сіз өмірді сақтандырып қана қоймай, жинақтай аласыз. Полисті теңгемен де, валютамен де ресімдеуге болады. Бұл полис бойынша төлемдерді сақтандыру шартының мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни 5 немесе 10 жылдан кейін алуға болады. Яғни, сақтандыру жағдайы болмауы мүмкін, бірақ кез-келген жағдайда адам өзінің сақтандыру төлемдерін жинақталған сыйақымен алады. Сақтандыру компаниясы сақтандыру шартын жасасқаннан соң бір айдан кейін өмірін жоғалтқан жағдайда да сақтандыру сомасын төлей алады. Мысалы, бір адам 1 миллион теңгеге келісімшарт жасасты деп алайық. Кесте бойынша ол ай сайын 45 мың теңгеге жуық несиені жауып отырды дейік. Адам тек 90 мың теңгені төлеп, кенеттен қайтыс болса, шартта көрсетілген пайда алушы 1 млн. теңгеден асатын соманы алады. Бірде-бір адам оны не күтіп тұрғанын білмейді ғой, кенеттен ауруға немесе жазатайым оқиғаға байланысты балалары, жұбайы қаржылық қолдаусыз қалуы мүмкін. Ал, өмірді жинақтаушы сақтандыру полисін сатып ала отырып, отбасы басшысы осы тəуекелдерді жаба алады. Өйткені отбасы сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемін алады. Өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламасы өмірді ықтимал тəуекелдерден қорғайды жəне белгілі бір жағдайларға ақша жинауға мүмкіндік береді. Мұндай бағдарлама бүкіл əлемде нормаға айналды. Бірте-бірте біздің еліміз де осыған келеді. Ол адамдарды қаржы тұрғысынан белгілі бір тəртіпке алып келеді. Банктегі депозиттерге қарағанда өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламалары тұрақты салымды талап етеді жəне банкроттық немесе басқа да қандай да бір форс-мажорлық жағдайлар кезінде салынған соманы жоғалту тəуекелдеріне жол бермейді. Сондықтан өмірді сақтандыру – сақтанушыны банкроттық пен төлем қабілетсіздігінен сақтайтын маңызды құрал. Сақтанушы өз əрекетімен оған зиян келтірсе, зардап шегуші тараптың да мүддесін қорғаймыз. Егер адам банк несиесін рəсімдеген соң ауыр науқасқа ұшыраса немесе қайтыс болған жағдайдағы сақтандыру өнімін алса, кейін расымен қарыз алушы банк алдындағы міндетін орындай алмаса, онда компания оның қарызын төлеп береді. Сақтандырудың бұл түрі айлық сақтандыру сомасының оннан бір пайызын құрайды. Соңғы екі айда екі қарыз алушының қайтыс болуына байланысты олардың 3 млн.-нан астам толық өтелмеген қарызын төледік. Сақтандыру келісімшарты бойынша төлем өнімнің сипатына байланысты . Қазір өмірді сақтандырушы компаниялар түрлі өнімдер, оның ішінде жинақтаушылық бағытты да ұсынады. Ол бойынша клиент өзін сақтандырады əрі инвестициялайды. Мұндай өнімдер бойынша сақтандыру жарналарын мерзімді негізде төлеу арқылы сақтанушы кепілдік берілген инвестициялық кірісті ескере отырып төлемдерді алады. Көпшіліктің сақтандыру саласында көп тұтынатын өнімдері, ол əрине автожүргізушілердің азаматтыққұқықтық жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыру. Корпоративті секторда АвтоКАСКО, медициналық сақтандыру, мүлікті сақтандыру танымал болып саналады. Сақтандыру шарттарында кепілдендірілген табыстылық – 4-5%-ды құрайды, нақты табыс жылына 8 — 1 5 % — ғ а жетуі мүмкін, ал салықтық жеңілдіктерді ескеретін болсақ, табыс салығынан тағы да 10%-ы үнемделеді. Бұл да сақтандыру өнімдеріне берілетін басымдықтар. Өмірді сақтандыру компаниясының сенімділік көрсеткіштерінің бірі Қазақстанның сақтандыру нарығының халықаралық стандарттармен интеграциялануы болып табылады. Еліміздің сақтандыру нарығын реттейтін заңнамасы халықаралық нарыққа сəйкес келеді. Клиенттің мүддесін қорғау үшін сақтандыру компанияларына Ұлттық банк пен уəкілетті аудитор тарапынан қатаң бақылау қарастырылған.

– Өзіңіз басқаратын «ХалықLife» АҚ-ның қанша клиенті бар? Балаларға қатысты да бірнеше жобаларыңыз бар еді…

– Қазір біздің компанияға 1 млн. 300 мыңға ж у ы қ қазақстандық сенім артады. Бұл көрсеткіш тұрақты өсетініне сенімдіміз. Біздің компания нарықта 17 жылдан бері жұмыс істейді, осы уақыт ішінде біз бірнеше мың сақтандыру шартын жасадық. Бүгінде балаларға арналған ең тиімді бағдарлама «Bilim-Life» бағдарламасы – өте қарапайым өнім, оны алудың да жолдары оңай. Өз балаларының болашақ білімі туралы ойланатын клиент олардың жасын ескере отырып, жинақтаушы бағдарламаның мерзімін жəне сақтандыру сыйлықақыларының өзіне ыңғайлы мөлшерін таңдайды. Мысалы, ата-ана қазір 7 жастағы баласына «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша 10 жылға шарт жасасуды ұйғарды делік. Оның 17 жылдығына орай білім алуға жеткілікті соманы, яғни 10 млн. теңгені алу үшін оларға ай сайын 42 мың теңгеден жарна салып отыруы қажет. Жинақтау мерзімі аяқталғаннан кейін бұл сома бала оқитын білім беру мекемесінің шотына түседі. Бұл өнім өте тиімді екені айдан анық, өйткені клиент 10 жыл ішінде өзінің жинақталған қаражатына сақтандыру компаниясының кірістілігі (2,3 млн. теңге) жəне мемлекеттен сыйлықақы (2,6 млн. теңге) есебінен қомақты қосымша соманы алатын болады. Алайда, бұл өнімнің ең басты басымдығы – сақтандырылған ата-ана үшін сақтандыру қорғанысының болуы.

Сұхбаттасқан Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button