Маңғыстау облысында бірқатар ірі өндіріс орындары тоқтап тұр – Мемлекет басшысы

2019 09 12 919fe267f60cff93287de2b480d986f1 Медицина

Үкімет тоқтап тұрған ірі өндірістерді жандандыру үшін тиімді шараларды шұғыл түрде қабылдауға тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті.

«Облыста соңғы бес жыл бойы бірқатар ірі өндіріс орындары тоқтап тұр. Бұл жағдай жұмыссыз қалған азаматтар арасында наразылық туғызғанын жақсы түсінемін. Үкімет осы өндірістерді жандандыру үшін тиімді шараларды шұғыл түрде қабылдауға тиіс. Қажет болса, жаңа өнім шығару үшін нарықтың сұранысына сай бейімдеу жолдарын қарастыру керек. Сонымен бірге, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашқан жөн. 2023-2026 жылдары 29 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкіметке және әкімдікке барлық жобалардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне де тоқталды.

«Облыста кәсіпкерлікті дамыту үшін де зор мүмкіндіктер бар. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің ішкі өңірлік өнімдегі үлесі 32 пайызға жетті. Осы салада 140 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу өнеркәсібі, туризм, сауда, сондай-ақ білім беру және медицина саласында кәсіпкерлер саны артып келе жатқаны қуантады. Яғни, облыс экономикасы әртараптана бастады деуге болады. Аймақтағы шағын және орта бизнесті дамытуға «Мен – кәсіпкермін» жобасы тың серпін берері анық. Сондай-ақ, «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында осы аймақтың шағын және орта бизнес өкілдеріне көмек көрсетілуге тиіс. Жалпы, әкімдік Үкіметтің қолдауымен бизнесті ынталандыратын жаңа шаралар әзірлеуі керек», – деді ҚР Президенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз