Жарнама
Медицина

«Самға» денсаулық орталығында 2 мыңға жуық жасқа қызмет көрсетілді

Атырау облысында осыдан екі жыл бұрын екі жастар денсаулық орталығы ашылған болатын. Қазір бұл орталықтар жастардың репродуктивті сауаттылығын арттыруда бірқатар жұмыс атқаруда. Соның ішінде Атырау қаласындағы Геолог емханасында орналасқан «Самға» жастар денсаулық орталығында пациенттердің келуі үшін ыңғайлы орта қалыптасқан.

Аймаққа іссапармен келген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, Атырау облысының кураторы, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» қорының бас директоры Альфия Әдиева аталған орталықтың жұмысымен танысты.

Геолог емханасындағы «Самға» жастар денсаулық орталығының басшысы  Әлішер Талғаттың айтуынша, мұнда тіркеу бөлімі⁠, дәрігер акушер-гинеколог, уролог-андролог, психолог, ⁠ем-шара кабинеттері үздіксіз жұмыс істеуде. Сонымен қатар ⁠жеке сөйлесу немесе заңгерлермен кеңесуге арналған сұхбаттасу кабинеті бар. Дәрігер-терапевт пен педиатр кабинеттері де қызмет етеді. Тәулік бойы жедел желі телефоны жұмыс жасап тұр.

–Биыл жұмысын одан әрі жандандыра түскен бұл орталық осыған дейін бірнеше білім беру мекемесінде, атап айтқанда, мектептер мен колледждерде түрлі бағытта ақпараттық-танымдық жұмыстар жүргізіп келеді. Жыл басынан бері 2000-ға жуық жас біздің мамандардың қабылдауында болса, жедел желі телефонына барлығы 101 қоңырау тіркелген. Көбіне жастардың жыныстық гигиенасы, ерте жүктілік пен жыныстық жолмен таралатын инфекциялардың алдын алу тақырыптары қамтылып, 18 бен 29 жас арасында отбасын жоспарлауда кәсіби бағдар берілуде, — дейді Әлішер Талғатұлы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button