САЛАУАТТЫЛЫҚ – ӨМІР САЛТЫМЫЗ

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде студенттер апталығы ұйымдастырылды. Апталық аясында студенттер арасында «Мен салауатты өмірді таңдаймын» атты акция, «Әсем гүлдер әлемі» композиция жасау байқауы өтті. Іс-шаралар Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Біз жасампаз жастармыз» атты бірінші курстықтарды студенттер қатарына қабылдау салтанатымен қорытындыланды.

Безендіру конкурсында «Мектеп» бөлімі үздік деп танылды. «Мен салауатты өмірді таңдаймын» атты акция барысында студенттер «нашақорлыққа, темекі, алкогольге, ЖҚТБ-ға қарсы күреске атсалысу керек» деген ұрандар жазылған плакаттар дайындап алып шығып, салауаттылықты қолдайтындарын жеткізді.
«Біз жасампаз жастармыз» атты студент қатарына қабылдау кешіне облыстағы жастар ұйымдарының жетекшілері де қатысты. Жастар өнерлерін ортаға салды. Шараны қорытындылаған колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақсат Кемалқызы студенттерге оқуда сәттілік тілеп, жыл сайын дәстүрлі түрде осындай шығармашылық апталығы өткізіліп тұратындығын айтты.

Айбибі БИСЕМБИЕВА,
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің
студенттік кәсіподақ
ұйымының төрайымы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз