Жарнама
Медицина

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Исатай ауданына келді

Осы жылдың 26 сәуірінен бастап ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен  Самрұқ-Қазына және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ауқымды әлеуметтік жобасы Саламатты Қазақстан жүзеге асырылуда.

Бүгінде медициналық пойыз жетпіс бекетті аралап, 2 қыркүйекте Атырау өңіріне келді. Медициналық пойыз өңірдегі сегіз бекеттің бесіншісі – Аққыстау станциясына екі күндік табан тіреді. Осыған орай «Samruk-Kazyna Trust» пойыз қызметімен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Баспасөз туры барысында ауыл тұрғындары журналистермен пікір алмасып, медициналық пойыздың шалғай аумақтағы ауыл халқы үшін тиімді екенін жеткізді.

000

Кездесуде Исатай ауданының әкімі сөз сөйлеп, халыққа жылы лебізін білдірді.

— Осы жылдың 26 сәуірі мен 6 желтоқсан аралығында дәрігер, медиатор, заңгерлер мен психологтардан тұратын «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шыққан болатын. Бұл пойыз еліміздің 17 өңірінде болады. Атырау өңіріне 2 қыркүйек күні келді. Арнайы республикалық деңгейдегі БАҚ өкілдері, ҚР Президенті әкімшілігінің Әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері және «Samruk-Kazyna» компаниясының арнайы мамандары келіп, медициналық пойыздың жұмыс барысымен танысты. Осы орайда аудан тұрғындарын спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын, — деді П.Хасанов.

Аталған жоба шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің жоқтығы және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері аясында туындаған. Жоспар бойынша әлеуметтік медициналық пойыз облыстың сегіз елді мекендегі станцияға тоқтайды. Жоба аясында медициналық пойыз еліміздің шалғай аумақтарындағы 70-ке жуық станцияны аралап, 45 мың адамға көмек көрсетті. Бұған қоса 5000-нан аса жанға ота жасап үлгерді. 

00

Сондай-ақ биыл әйелдер және отбасы ұлттық комиссия бастамасымен жоба құрамына қосылған психолог, медиатор және заңгер мамандары 560-қа жуық адамға кеңес берген.

00000
0000

Айта кетейік, баспасөз турын ұйымдастырушылар алдағы уақытта 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны негізгі емдік-консультациялық қызмет алады деп жоспарлауда. Сәуір айынан басталған медициналық пойыз өз жұмысын 6 желтоқсанға дейін жалғастыратын болады. Сонымен қатар биыл «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 120-дан астам станцияға барады деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button