Атырауға алматылық дәрігерлер келді

imgl0902 Медицина

Өңірге Алматы сурдологиялық орталығының дәрігерлері келді.
 
Атырауға Алматыдан сурдолог-дәрігерлер келді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Облыста бүгінде кохлеарлық импланты бар 78 бала бар. Алматыдан арнайы келген мамандар 20 балаға арналған сөйлеу процессорын жүйеге келтірді.

– Кохлеарлық имплантация әдісі арқылы естуден айырылған адам сөйлеуді және түсінуді үйренуге мүмкіндік алады. Құрылғыны орнатқан кезде баланы түсіну және аппараттың жұмыс процесін меңгеру үшін ата-аналар баланың жанында отырады. Бүгін сурдолог дәрігерлер сөйлеу процессорларын жүйеге келтіріп, дәрігерлермен тәжірибе алмасты. Болашақта жергілікті сурдолог-дәрігерлер кохлеарлық имплант жүйесінің сөйлеу процессорларын жүйеге келтіруді үйренгенін қалаймыз, деді облыстық балалар ауруханасының сурдолог-дәрігері Гүлбаршын Айденова.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Атырау облыстық балалар ауруханасында сурдологиялық кабинет ашылды. Есту диагностикасына арналған аппараттарды оларға «Теңізшевройл» компаниясы сыйға тартты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз