Жарнама
Медицина

«Саламатты Қазақстан»: 7372 тұрғынға медициналық көмек көрсетті

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы төтенше жағдай кезінде 26 мамыр мен 16 маусым аралығында Атырау облысының бірнеше елдімекенін аралап, білікті дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.

Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибе дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары болды. Осы уақыт аралығында кәсіби мамандармен қамтылып, заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған пойыз міндетті әлеуметтк медициналық сақтандыру аясында тұрғындарға тегін көмек көрсетті.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Құлсары, Д.Нұрпейісова, Ганюшкино, Афанасьево, Исатай, Нарын, Аққыстау, Туманное, Жамансор, Мұқыр, Сағыз станцияларында болды. Барлық елдімекенде «Саламатты Қазақстан» пойызының көмегіне 7372 тұрғын жүгінсе, оның 2417-сі балалар.
Айта кетейік, әлеуметтік жоба республика Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Денсаулық сақтау министрлігінің және «Samruk- Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әріптестігі негізінде іске асырылды.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button