![Атырауда самокатпен көлікке соқтығысқан баланың жағдайы белгілі болды 1](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/07/631939_raznoe_kurgan_samokat_elektrosamokati_250x0_2304.1536.0.0.jpg)
Медицина
Атырауда самокатпен көлікке соқтығысқан баланың жағдайы белгілі болды
Атырау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі жансақтау бөліміне түскен баланың жағдайы туралы айтты.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алып, 24 шілде күні балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен 6 жасар баланың жағдайы тұрақты. Қазір ол облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлер оған «әртүрлі жарақаттар, жабық бас-ми жарақаты мен өкпенің зақымдануы» деген диагноз қойып отыр», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 24 шілде күні сағат 21:15 шамасында Әбілхайырхан даңғылы бойында самокатпен келе жатқан 10 және 6 жастағы екі бала маркасы Hyundai Accent көлігімен соқтығысып, салдарынан 6 жасар бала ауруханаға түскен болатын.
Н.Насыр