Жарнама
Медицина

«Саламатты Қазақстан»: ЕМДЕУ САПАСЫ – ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

Баяндамада айтылғандай, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  аясында облыстың  емдеу саласында  оң өзгерістер аз емес. Облыста демографиялық көрсеткіштер бойынша туу  көрсеткіші 2 пайызға өссе, жалпы өлім 5 пайызға азайып,  табиғи өсім 4 пайызға өскен. Телемедицина барлық аудандық орталық ауруханалар мен  облыстық ауруханада жұмыс істейді.  Жыл ішінде 360 ауру түріне кеңес берілсе, 1236 лабораториялық зерттеулер, УЗИ, ФД, рентген, КТ диагностикалық телеконсультация өткізіліп, 126 ауру түріне  бейнеконференция өткізілді.  

Ұлттық скринингтік бағдарлама негізінде тексерулерден  416 310 адам өтті. Облыстың  бас дәрігері  денсаулық саласында орын алған кемшіліктер, шешімін күткен мәселелерді бүгіп қалмады. Облыста аурушаңдық  әлі де болса  жоғары  деңгейде.  Бүгінде қан айналымы -20,6 пайыз, қатерлі ісік-14,0 пайыз, жазатайым оқиғалар, жарақаттану мен уланушылық 12,0 пайызға  өсіп отыр. Туберкулез деңгейі 11 пайызға төмендесе де,  ауру  республикалық көрсеткіштен  біршама жоғары. 

Өңірде жол-көлік оқиғасы жыл санап өсуде. 2010 жылдан бері жол- көлік оқиғасы 4 есе артқан. Тек өткен жылдың өзінде 127 адам қайтыс болса,  626 адам түрлі жарақат алып, мүгедек  болған. Сондай-ақ,  ауруханаға жатып емделуші науқастар саны азаяр емес. Сифилис және гонорея аурулары жыл ішінде 45 пайызға өскен. 

Облыста медицина кадрлары мәселесі де  өзекті. Қазіргі уақытта облыстың мемлекеттік медицина ұйымдарына 220 дәрігер жетіспейді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқалы жиынында  Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди Өтеғалиев ауылдарда медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігі туралы  баяндаса, облыстық перзентхананың бас дәрігері Ұлжан Хасанова перзентханада перинатальды көмек  көрсетудің  жайы туралы  әңгімеледі. Облыстық онкология диспансерінің бас дәрігері Жексенбай Нысанов  онкологиялық көмекті дамыту жұмыстары жайлы, «Сәлімжан и К» ЖШС-нің директоры Сәлімжан Аманғалиев село тұрғындарына  медициналық көмек көрсету туралы  айтса, Қызылқоға  аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Самат Тайшыбай кадр жағдайында  қолбайлау жайттарға назар аударды. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  министрлігінің электронды денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының  міндетін атқарушы Светлана Владимировна  Шубина облыста денсаулық саласында жасалынып жатқан оң істермен бірге, шешімін күткен проблемалардың барын айта келіп, емдеу жүйесінде электронды денсаулық сақтауды дамытудың концепциясын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. 

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Сурет Әнуар Әбілғазиевтікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button