Жарнама
Медицина

Сал ауруына шалдыққан қазақстандық балалар Өзбекстанда тегін емделеді

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде Қазақстан Республикасының Самарқандтағы Бас консулдығы және өзбекстандық «SAG Group» компаниясына қарасты «Bionur» клиникасы Қазақстанның шекаралас өңірлеріндегі церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу туралы Меморандумға қол қойды.

Gov.kz-тің хабарлауынша, құжатқа сәйкес, «SAG Group» компаниясы өзінің «Bionur» клиникасында церебральды сал ауруымен ауыратын Қазақстан азаматтары үшін ай сайын 12 орын беретін болады. Квота аясына АҚШ, Ұлыбритания және Ресей өндірісінің ең озық жабдықтарында балаларды емдеу, емдеу курсы бойы оңалтудан өтіп жатқан 1 бала мен 1 еріп жүретін ата-ана үшін тұру, тамақтану кіреді. Орындарды алу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармалары арқылы емделуге алдын ала жазылуға болады.

Айта кету керек, «Bionur» клиникасы 2011 жылы «SAG Group» компаниясымен құрылған және содан бері науқастарға денсаулығын қалпына келтіруге көмектесіп келеді. Клиника әр емделушіге жеке және кешенді тәсілді қолданады, яғни мамандар әр науқастың жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып, диагностика мен емдеу әдістерін таңдайды.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button