
Медицина
Резидентураға грантқа құжат қабылдау басталды
2025-2026 оқу жылына арналған резидентураға білім гранттары бойынша құжат қабылдау басталды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Білім гранттары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Биыл Атырау облысының әкімдігі медицина кадрларын резидентурада даярлау үшін 40 жолдама бөлген.
Сонымен қатар әкім гранты аясындағы оқу барысында босаған 5 орынға да құжат қабылданады. Білім беру гранттарына құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 19-22 тамыз аралығында жүзеге аспақ.
Айта кетейік, былтыр 46 резидент әкім грантын ұтып алған болатын.