Ресейде covid-19 ауруы бір апта ішінде 12,6 пайызға өсті
Соңғы аптада Ресейде коронавирустық инфекциямен сырқаттану 12,6% өсті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.
«Өткен аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 18,5-ті құрады және өткен аптамен салыстырғанда 12,6% өсті. Сырқаттану көрсеткішінің өсуі Ресей Федерациясының 62 субъектісінде байқалды, оның ішінде 18 өңірде ел бойынша орташа көрсеткіштен тым көп», — делінген хабарламада.
Бір аптада коронавирустық инфекциямен ауырған 39 743 адам сауығып кетті, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 3%-ға аз. 8-14 қаңтар аралығында бір аптада 150 адам қайтыс болды.
Ресей Федерациясында коронавируспен ауыратын 3 746 адам ауруханаға жатқызылды, бұл өткен аптамен салыстырғанда 21,4%-ға өсті. Ауруханаға жатқызу санының артуы Ресейдің 54 субъектісінде болды, оның ішінде 25 өңірде ел бойынша орташа көрсеткіштен көп өсім байқалды.