Медицина
ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Атырауға келді
Алексей Цой Атыраудағы жұмыс сапары аясында Исатай аудандық ауруханасына барды, деп хабарлайды atr.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі 24 мың жергілікті тұрғынға қызмет көрсететін Исатай аудандық ауруханасында болды. Бүгінде мұнда халықтың 60% коронавирусқа қарсы екпе алып үлгерген, тәулігіне 30-40 адам қауіпті індетке қарсы екпе алады.
Алексей Цой аудандық аурухана қызметкерлерімен әңгімелесіп, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасымен танысты, сондай-ақ емдеу кабинеттері мен жабдықтарын аралап көрді.
Айта кетейік, министр Атыраудағы жұмыс сапары аясында Махамбет және Индер аудандарын аралайды.