Жарнама
Медицина

Қаулы – қауіптің алдын алу жолы


Өңірде су тасқыны басталғалы бері Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайды бақылауға алып, түрлі ауру көздерін алдын алу бағытында тиісті жұмыстар жүргізуе. 16 сәуірде Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының №1 Су тасқыны кезеңінде санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы қаулысын жариялады.


Онда облыс тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін бақылау және ашық су көздеріне тексерісті күшейтіп, мониторинг жасау жайында айтылған.
Қаулыда су тасқыны аймағында халық арасында инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу және облыс аумағында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында, су тасқыны кезеңінде, уақытша орналстыру пунктерінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету нысандардың жұмысына, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды күшейту жайы қамтылған.

Сондай-ақ ол жерлерде орналасқан су басқан орындардан эвакуацияланған халықты тамақтандыруды және олардың тұруын ұйымдастыруды, уақытша үй-жайларын уақтылы тазалауды, дезинфекциялауды және желдетуді, су басқан аймақта тиісті контингенттің (14 жасқа дейінгі балалар) А вирустық гепатитіне қарсы иммундалуын бақылауды қамтамасыз ету туралы айтылған.


Қаулы – қауіпті алдын алудың бастапқы әрі маңызды шарасы. Онда төтенше жағдай кезінде тұрғындардың уақытша мекен-жайларында тазалықтан бастап, халық арасында екпемен басқарылатын аурулардын алдын алу мақсатында 18 жасқа дейінгі профилактикалық екпелерін өткізіп алған адамдарға иммундау жұмыстарының жүргізілуін бақылау да қамтылды.

Мәселен, қызылшамен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші профилактикалық егуі жоқ адамдарға, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы моновакцинамен науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірілмей шұғыл вакцинациялау жүргізілуін бақылау қажет.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,
Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button