Жарнама
Медицина

Қатерлі ісік үкім емес

Атырау облысы онкология орталығында дүниежүзілік қатерлі ісікпен қарсы күрес күніне арналған онкүндік өтті. Жыл сайын 4 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні — бұл ауру туралы танымды арттыруға, науқастарды қолдауға және алдын алу шараларын ілгерілетуге бағытталған жаһандық бастама.

– Бұл күні науқастарды барлық маман қабылдап, КТ, УДЗ, рентген, маммография зерттеулері жасалды. Онкүндікте 219 тұрғын келіп, онкологтардың кеңесін алды. Дәрігерлер 135 зерттеу тағайындап, қатерлі ісікке күмәнді – 15, қатерлі ісікалды 38 жағдайды анықталды. Ал ашық есік күні 65 адам келді, обыралды 3 жағдай тіркелді. Қосымша ауру белгілері мен созылмалы ауру түрлері де анықталып, емдеуші дәрігерлерге жолданды. Атырау облысы бойынша онкологиялық аурушаңдық құрылымында бірінші орында сүт безі қатерлі ісігі, екінші орында өкпе, үшінші орында колоректальды рак, төртінші орында асқазан, бесінші орында жатыр мойны обыры тұр. Атырау облысында есепте 5 386 науқас бар. Аймақта қатерлі жаңа түзілімдермен 1 133 жағдай тіркелді, ал 2023 жылы 1139 жағдай анықталып, аурушаңдық деңгейі 1,7%-ға төмендеді, — дейді Атырау облысы онкология орталығының директоры Эльмира Сапарова.

Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button