Өркен ықшам ауданында 250 орындық жаңа емхана салынады
Өркен ықшам ауданында 250 орындық емхана салу жоспарлануда.
Қазіргі таңда нысанның құрылысын қаржыландыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік өтiнiм жолданды. Жобалаушы мекеме – «Астана-Проджект» ЖШС. Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы.
Жаңа емханада жалпы дәрігерлік практика бөлімшесі, күндізгі стационар, оңалту бөлімшесі, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі бар. Сондай-ақ, консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесі, зертхана, биохимиялық топ, функционалды диагностика, сәулелік диагностика, орталық зарарсыздандыру, әкімшілік-тұрмыстық, қызметтік және шаруашылық үй-жайлар мен кір жуу бөлмелері қарастырылған.
Айта кетейік, емханаға Жұмыскер 1 және 2, Өркен, Рембаза ықшам аудандарының тұрғындары емделе алады.