Жарнама
Медицина

Облыстық ауруханада күрделі ота сәтті өтті

Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері өкпенің кисталы-буллезді трансформациясы диагнозы қойылған науқасқа торакоскопиялық отаны сәтті жасады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрай Махонованың хабарлауынша, бұл заманауи әдіс науқастың тез қалпына келуіне, оңалту кезеңінің қысқаруына және денеде үлкен тыртықтың қалмауына мүмкіндік береді.

–Отадан кейін науқастың жағдайы бар болғаны 5 күн ішінде қанағаттанарлық деңгейге жетті де, үйіне шығарылды. Бүгінде заманауи медицинаның мүмкіндіктері мен дәрігерлердің жоғары біліктілігі осындай нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізіп отыр, — дейді Н.Махонова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button