Жарнама
Медицина

Облыстағы 18 ауылдық елді мекенде медициналық нысан салынады 


 Бұл туралы Атырау облысының әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары» туралы өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 Облыстағы маңызды мәселенің бірі  – медициналық қызмет көрсету инфрақұрылымын жетілдіру. Осыған орай үкіметтің қолдауымен және демеушілік арқылы аталған бағытта бірқатар жұмыстар жасалуда. 

-Облыстың кешенді даму жоспарына сай ауылдық жерлерде 5 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісін салу жоспарланып, биыл жобалық-сметалық құжаты жасақталып, сараптамадан өтті.  Қазір аталған нысандар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Атырау қаласындағы Береке ықшам ауданында дәрігерлік амбулатория, Құлсары қаласында аудандық аурухана салынып жатыр. Оған қоса Индер аудандық ауруханасында, Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Фтизиопульмонология және облыстық перинаталдық орталығында желдету жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл осы жылы атқарылып жатқан жұмыстар болса, алдағы жылы да бірқатар жұмыстар іске асырылмақ. Ал ауылдық елді мекендерді дамыту Ұлттық жобасы шеңберінде 18 ауылдық елді мекенде медициналық ұйым нысандарын соның ішінде 11 медициналық пункт, 1 дәрігерлік амбулатория, 6 фелдшерлік-акушерлік пункт салуды жоспарлап отырмыз, — деді Ж.Бисембиев. 

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары келер жылы 250 келушіге арналған 2 емхана, 250 төсектік психикалық денсаулық орталығы, радиологиялық корпусы бар онкологиялық диспансер салу және облыстық перинаталдық орталығында күрделі жөндеу жүргізу, 3 қосалқы станциясы бар жедел медициналық жәрдем станциясын салу жоспарланып жатқанын жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button