Атырау облыстық балалар ауруханасы краниотом құрылғысымен толықты

9fc52409 f4ce 4fe7 8b3f 3561a41de5ab Медицина

Құны 17 миллион теңге тұратын, жинақы, тасымалданатын құрал «ExxonMobil» мұнай компаниясының демеушілік қаражаты есебінен сатып алынып отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Краниотома – бас сүйекті бұрғылау және алынбалы сүйек қақпағын жасау үшін қолданылатын әмбебап хирургиялық құрылғы. Оның көмегімен миға оңай қол жеткізуге және қойылған диагнозға байланысты қан ұю мен ісікті жойып, қан тамырларын қалпына келтіруге болады.

b2d80eb6 4984 43c7 8a52 8f5567724cdd

Аталған құрылғыны «Тауасар групп» ЖШС өкілі Әлішер Дәрібаев аурухананың нейрохирург дәрігері Шодер Ариповке табыстады.

dd11c4ff 5837 44cb 925a fb80435ae584

-Дәрігерлердің жұмысында жақсы құрал-жабдықтармен оталар мінсіз атқарылады. Өйткені, бас сүйектің отасы кезінде заманауи технологияның маңызы ерекше. Нейрохирургияда құрылғысыз жұмыс жасау өте қиын. Ал медициналық технологиялардың арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізіледі. Ең қиын деген оталарды осы аспаптың көмегімен оңай жасауға мүмкіндік бар. Себебі, бұл құрылғы жарақатты азайтады, – деді Ш.Арипов.

Айта кетейік, өңірде орта есеппен бір айда балалардың бас сүйегіне 5-6 ота жасалады. Биыл тоғыз айда бас сүйек пен омыртқаға 56 ота жасалған. Оның 12-сі жоспарлы болса, 44-не шұғыл жағдайда жасалып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз