Жарнама
Медицина

Науқас бүлдіршінге оттегі құрылғысын сыйлады

Атыраулық 6 жасар науқас бүлдіршінге демеушілер оттегі аппаратын сыйлады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Раяна Кубышева туғаннан оттегі аппаратына тәуелді. Сондықтан ауруханаға жиі келуі қажет.

«Артель Инжиниринг» компаниясы құны 500 мың теңге тұратын аппарат алып берді. Ресейде жасалған құрылғыны 5 жылға дейін пайдалануға болады.

«Біздің компания облыстық денсаулық басқармасымен бірлесіп қайырымдылық жобаларын атқарып келеді. Мұндай қымбат құрылғыны алуға бәрінің жағдайы жетпейді. Оған қоса ауруханаға жиі қатынау да қиындық тудырады. Осындай қайырымдылық шараларын алдағы уақытта тағы жалғастырамыз», — деді «Артель Инжиниринг» компаниясының коммерциялық бөлім басшысы Алёна Сергеева.

Науқас бүлдіршінге көмек қолын созған компания басшылығына аурухана ұжымы да алғыс білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button