Нұрлан Ноғаев: Дәрігердің мамандығы күнделікті оқудан тұрады
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қалалық перзентхана базасында ашылған Симуляциялық орталыққа барды.
Жаңа орталық 15 станциядан тұрады, мұнда жас дәрігерлер, сондай-ақ тәжірибесі мол дәрігерлер де түрлі манипуляцияларды жасайды. Мерзімінен бұрын босанылған сәбилерді, босанған әйелдерді реанимациялауда, босануға жәрдемдесуде, тууды имитациялауда қызметкерлер арнайы медициналық муляждарда тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді, — деп хабарлайды Өңірлік коммункациялар қызметі.
«Бұл роботтар адам ағзасына барынша жақындатылған, эмоцияларды білдіре алады, дыбыстар шығару, сөйлеуі мүмкін. Барлығы 15 роботтандырылған станцияға 200-ге жуық жабдық сатып алынды. Жаңа орталықты ашуда біз екі міндетті көздедік. Біріншісі — өңірдегі медициналық қызметкерлерді практикалық дағдыларға оқыту, екінші міндетіміз — жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуде парамедиктерді дайындау болып табылады», — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.
Айта кету керек, Атыраудағы жаңа Симуляциялық орталық ең заманауи құрылғылармен жабдықталған және Қазақстанның батысындағы алдыңғы қатарлы орталық болып саналады. Мұнда 12 жаттықтырушы — дәрігер неонатологтар, анестезиологтар, реаниматологтар, акушер-гинекологтар және гинекологтар жұмыс істейтін болады. Бұл ретте, биылғы жыл соңына дейін облыстың барлық медициналық қызметкерлерін, сондай-ақ 200 парамедициналық мамандарды біліктілік арттыру курстарынан өткізу жоспарлануда.
Жаңа орталыққа барған облыс әкімі дәрігер мамандығы күнделікті оқу мен дағдыларын жетілдіруден тұратынын айтты. Аталмыш оқу жаттығу орны тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар түрлі кәсіптегі адамдар – полиция қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге, дене шынықтыру мұғалімдеріне, жаттықтырушыларға және тіпті мемлекеттік қызметшілерге де пайдалы болады.
«Біздің міндетіміз — барлық дәрігерлерді олардың әрқайсысы өзінің арнайы дағдыларын автоматтандыруға жеткізуі үшін осы орталықтан өткізу. Біздің бірінші кезектегі мақсатымыз — адами факторды алып тастау, өңірдегі барлық дәрігерлер өз саласының маманы болуы тиіс», — деп тапсырды Нұрлан Ноғаев Денсаулық сақтау басқармасының басшысына.
Облыстың бас дәрігерінің мәліметінше, бұдан басқа Атырау медициналық колледжі жанында Симуляциялық сынып ашылған. Онда студенттер 5 станцияда көмек көрсету үшін практикалық дағдыларды жинақтайды.
Сонымен қатар, Атырау облысының әкімі Алмагүл шағын ауданындағы қалалық перзентхана жұмысымен танысты. Мұнда күн сайын 20-ға жуық сәби дүниеге келеді. Үш жолақты жаңа жүйенің арқасында патология бөліміндегі төсек саны 30-дан 16-ға дейін, ал шұғыл көрсеткіштермен түскен әйелдерге алғашқы екі минутта қызмет көрсетіледі.
Облыс әкіміне жүкті әйелді қабылдаудан бастап, босану бөлмесіне дейінгі процес қалай өтетіні баяндалды. Енді өңірдегі жаңа Симуляциялық орталықтың арқасында ана мен бала өлімінің көрсеткішін нөлге дейін қысқарту жоспарланып отыр.
Такие посещения должны быть регулярными, чтобы дисциплину соблюдали