Жарнама
Медицина

Мүгедектіктің алдын алуға бағытталған диагностика жүйесі кеңеюде

Қазақстанда балалар мен ересектер арасындағы мүгедектікті азайту үшін халықтың әртүрлі топтарында ауруларды ерте диагностикалау жұмыстары артуда, — деп хабарлайды республика Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, соңғы жылдары диагностика мен алдын алу шараларының нәтижесінде балалар арасындағы туа біткен кемістіктер мен жүйке ауруларына байланысты мүгедектік көрсеткіші төмендеген.

2025 жылдан бастап жұлын-бұлшықет атрофиясын анықтау үшін 16-17 жастағы жасөспірім қыздарға скрининг енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, биылдан бастап жүкті әйелдерге арналған генетикалық және туа біткен ауруларды анықтайтын «бір күндік клиникалар» ашылды.

–Елдің денсаулық сақтау саласы созылмалы инфекциялық емес ауруларды алдын алуға ерекше мән беруде. Жыл сайын 3,4 миллион қазақстандық жүрек-қантамыр, қант диабеті, онкологиялық ауруларға тексеруден өтеді. 2024 жылдан бастап 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға шектеулер енгізіліп, паллиативтік қызметтердің қаржыландыруы да артатын болады. Бұл шаралардың барлығы халық денсаулығын жақсартып, мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі, — дейді А.Әлназарова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button