Жарнама
Медицина

Медицина колледжі – үздіктер қатарында

 А.Сүндетов атындағы Атырау медициналық колледжі – 1947 жылдан бері орта буын медицина мамандарын даярлайтын батыс өңірдегі бірден-бір оқу орны. Қазіргі таңда колледжде «Емдеу ісі», «Акушерлік іс», «Медбикелік іс», «Лабораториялық диагностика», «Фармация», «Гигиена және эпидемиология», «Стоматология» мамандықтары бойынша 1439 студент білім алуда.

  Колледжде «Оқу процесіне мониторинг жасау орталығы» жұмыс істейді. Тестілеу орталығының базасына 12296 тест енгізілген. Соның ішінде барлық мамандықтар бойынша қорытынды мемлекеттік аттестация қабылдауға арналған тесттер жинағы бар. Жаңадан ашылған «Өңірлік симуляциялық орталық» компьютерленген көпфункционалды манекендермен және муляждармен толықтай жабдықталған. Орталық студенттердің теориялық білімі мен практикалық дағдысын бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар облыстың орта буын медицина қызметкерлері, дәрігерлер үшін білім мен дағдыларды бағалау орталығы болып табылады. Колледж кітапханасының кітап қоры өткен жылмен салыстырғанда 3599 данаға өсті. Аталмыш колледж директоры Мұса Өтепқалиев заманауи құндылықтарға сай медбикелердің әлеуетін көтеру мақсатында медбикелік істі дамыту орталығы жұмысын бастағанын айтты. Ұлттық бизнес рейтингтер халықаралық одағының тұжырымы бойынша, Атырау медицина колледжі ұжымы екі мәрте білім беру ісінің үздігі атағын иеленді. Колледж оқытушыларының біліктілігі мен шеберліктерінің арқасында ұжым көптеген жетістіктерге жетіп жүр. Оған қоса оқу орнының түлектері жыл сайын жұмысқа орналасу бойынша 95 пайыз көрсеткіште келеді. Бұл – білім ордасы үшін үлкен мәртебе.

Нұргүл СӘКЕНҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button