Жарнама
Медицина

МАРИЯМНЫҢ МАРАПАТЫ

 

Осы жылдар ішінде Мариям Махиқызы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Жыл адамы» атанып, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 2011 жылдың қорытындысымен ол басқарып отырған бөлім үздік бөлім саналды.
Осындай жоғары жетістіктерді еншілеген Мариям Махиқызының Кеден Одағы шеңберінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру барысында дайындық жұмыстары, ХАССП жүйесін қолдану, яғни азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау ісінде елеулі еңбегі бар.Осы қызмет саласында ол Италиядағы Милан қаласының «UNIVERSITA DEGLI DI MILANO» университетінде дайындықтан өткен санаулы маманның бірі. Оның «Теңізшевройл», «Аджип ҚКО» компаниялары және олардың мердігер компаниялары штаттарына санитарлық дәрігер бірліктерін енгізуде қосқан үлесі де аз емес. Соның нәтижесінде 2010-2013 жылдары облыста топтық тамақтан улану оқиғалары тіркелген жоқ.
Жақында «Үздік санитария, эпидемиология дәрігері» республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Мариям Меңдіғалиева конкурстың жеңімпазы болып,бірінші орынды иеленді. Оған бұл құрметті атақ дипломын ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында салтанатты жағдайда табыс етті.
Ғ.ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button