Жарнама
Медицина

Маңғыстауда 8 жылыойлық сәби өмірге келді

Төтенше жағдай жарияланған Құлсары қаласынан Бейнеу ауданына эвакуацияланған тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасынан дәрігерлік штаб құрылған.


Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 5-7 сәуір күндері Бейнеу ауруханасында алты, 8 сәуір күні Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта бір сәби дүниеге келді. Қазір аналар мен сәбилердің жағдайы жақсы.


Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева, Бейнеу аудандық ауруханасының директоры Берік Абдуллаев, хирург, терапевт, психолог мамандарынан құралған штаб мүшелері Боранқұл ауылдық ауруханасына және арнайы дайындалған білім беру орнына қоныстанған тұрғындардың денсаулығын тексеріп, психолог мамандар кеңес беруде.


Бейнеу аудандық орталық ауруханасы, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы, Қарақия аудандық орталық ауруханасы, №1 Ақтау қалалық бірінші емханасы, №2 Ақтау қалалық емханасы, № 1,2,3 Жаңаөзен қалалық емханасы, Ясин, Нейрон медицина орталықтарына тіркелген құлсарылық тұрғындарға медициналық көмек көрсетілуде.
Облыстық жедел штаб

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button