Мақат аудандық орталық ауруханасының көліктер паркі «Mercedes» маркалы жаңа реанимобильмен толықты. Осынау көптен күткен жаңалыққа «НКОК» компаниясының демеушілігімен қол жетті.
Бұл көлікті жылжымалы шағын клиника деуге болады. Көлікте дефибриллятор монитор, жүрек ширатқыш, өкпені жасанды желдету құралы және жан сақтау шараларын орындауға қажет басқа да жабдықтар бар.
Аурухананың бас дәрігері Батырбек Оңдасыновтың айтуынша, адам өмірін арашалауда әр секунд санаулы болған сәтте осындай реанимобиль жедел және жоғары деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда науқас ауруханаға жеткенше жедел медициналық көмек көрсетуге қажеттінің барлығы қарастырылған. Енді жүрдек және жұмсақ аспалы көліктің көмегімен дәрігерлер тиісті мекен-жайға тез жетеді, әрі науқасты жайлы тасымалдайды.
Алтыншаш Нәсіпқалиқызы
Мақат ауданы.