Жарнама
Медицина

ИЗРАИЛЬДІК ДӘРІГЕРЛЕР АТЫРАУЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық балалар ауруханасында болып, Израиль дәрігерлерінің қатысуымен күрделі ота жасалған балалардың жағдайымен танысты»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Атырау облысына Израиль Республикасынан халықаралық деңгейдегі хирург, ренаниматолог, бала дәрігері сынды мамандардан құралған 6 дәрігер келіп, жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасуда. Әлемдік деңгейдегі мамандар ота жасаумен қатар, оны үйретеді, сондай-ақ ата-аналарға тегін кеңестер де береді. Олар жұмыс сапары барысында 200-ден астам медицина қызметкерін оқытады. Қазірдің өзінде туа біткен ақаулары бар алты балаға тек ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми орталықтарда ғана жасалатын күрделі оталар жасаған.

Өз кезегінде он айлық Нұриман Табылдының анасы Құралай Нұраддинова «Баламмен осы ауруханада 10 ай жаттым, өйткені оған күрделі ота жасау керек болды. Израиль елінен келген дәрігерлер сол күрделі отаны сәтті жасап шықты. Осындай мүмкіндік жасаған облыс әкіміне және білікті дәрігерлерге алғысым шексіз»,- деді.

Жергілікті мамандар мұндай тәжірибе алмасудың аса қажет екенін айтады.

«Шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу бізге аудай қажет. Шеберлігімізді шыңдаймыз. Балалары күрделі отаны қажет ететін ата-аналар үшін мұндай білікті дәрігерлердің өздерінің келуі үлкен олжа болды»,-дейді хирургия бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Нұрғазиева.

4039104c 97e8 4dfa b896 d992ca390ae2

Облыс әкімімен сөйлескен Израиль дәрігерлері атыраулық мамандардың біліктіліктеріне оң баға берді.

«Атырауға келіп, жергілікті хирургтармен бірлесе жұмыс істеу маған өте ұнады. Ең бастысы, бұның кішкентай пациенттерімізге пайдасы мол. Кеше екі маңызды ота жасадық, бүгін де бірнеше ота жасалды. Осында бірге жұмыс істеген дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейі жақсы әсер қалдарды. Біздің бригадамыздың Қазақстанға тағы жолы түсер деген үміттеміз»,-дейді израильдік бала дәрігері Вадим Капуллер.

e5d4b8b0 a86e 4427 b242 175e6a0420d8
0a8c402b 68ff 40a5 8b90 76d29c326ba9
Һ


Ал аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов болса, мамандар үшін де, тұрғындар үшін мұндай бірлесіп жұмыс жасау тәсілі пайдалы екенін атап өтті.

«Өңіріміздің әрбір тұрғынының сапалы медициналық қызмет алуы үшін жағдай жасау — біздің басты ұстанымдарымыздың бірі. Сондықтан салаға білікті мамандарды тарту, бар мамандардың біліктілігін заманға сай арттыру жұмыстарын күшейте береміз. Алдағы уақытта өңірдің медицина саласын дамытуға қатысты кешенді жоспар әзірлеп, осындай халықаралық деңгейдегі тәжірибелі дәрігерлермен бірлесіп жұмыс жасауды жалғастыруды жоспарлап отырмыз»,-деді М.Досмұхамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін Израильден тәжірибе алмасуға келген екі маман дәрігер облыс бойынша 30 акушер-гинеколог және 30 анестезиолог-реаниматолог маманға шеберлік сағатын өткізген болатын. Олар да жергілікті дәрігерлермен бірлесе отыра, 5 жоғары технологиялық ота жасаған еді. Оның біреуі — облыста бұрын жасалмаған ота.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button