Жарнама
Медицина

Израильден дәрігер келді!

Атырауға арнайы келген израильдік маман Элла Теппер онкологиялық орталықта шеберлік сағатын өткізді.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Шетелдік дәрігер осындағы мамандарға дәрістер мен семинарлар және жұмыс орындарында оқу-тәжірибелік курстар өткізді. Науқастардың ауруға шалдығу тарихын зерделеп, емдеу шараларын жүргізуге байланысты өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, тұрғындарға да тегін кеңес берді.

«Өңірде онкологияның қыр-сырын жетік меңгерген көптеген тамаша дәрігермен кездестім. Қолда бар құрылғыларды барынша тиімді пайдаланып, біліктілікпен жұмыс істеу де – үлкен еңбек. Науқастарды емдеуде бұдан да көбірек мүмкіндіктер ашылса құба-құп. Жаңа технологиялық әдістер мен дәрі-дәрмектер науқастарға қолжетімді болса жақсы болар еді» дейді ол.

Жалпы, өңірде онкологиялық аурулардың өсімі басқа аймақтармен салыстырғанда бірқалыпты. Қазір онкологтар үшін өкпе мен сүт безі қатерлі ісігі және гинекологиялық ісіктер өте өзекті болып отыр.

Әділет АМАНГЕЛДІ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button