Донор болу – ҚАЙЫРЫМДЫ ІС

img 20201014 wa0019 Жаңалықтар

Atr.kz/14 қазан, 2020 жыл. Жуырда «URANkz» РҚБ филиалы мен республикалық қан орталығы арасында өзара іскерлік қатынас жөніндегі Меморандумға қол қойылған болатын. РҚБ төрағасы Ф.Қаменов алғашқы донор ретінде акцияға атсалысты. Сонымен бірге, бірлестіктің орталық аппаратындағы әріптестері мен жас еріктілер де бұл іске жұмыла кірісті.

Меморандум аясында қайырымдылық акциясын Атырау облысы бойынша «URANkz» РҚБ филиалы одан әрі жалғастырып отыр. Олар донор болып, қан тапсыру ісін жүзеге асыруда. Акцияға қатысқан 6 еріктінің  үшеуінің қанына (1+) қажеттілік болмағандықтан олардан алынбады. Филиал басшысы, бұрынғы ауған жауынгері Мұрат Әмірғалиев пен оның орынбасары Сәбит Сағидуллин акцияның ойдағыдай өтуіне мұрындық болуда. Ал, донор-волонтерлер – Амангелді атындағы серіктестіктің қызметкерлері.

Акцияға қатысып, қан тапсыруды естен шығарып алмаңыз. Өйткені, осынау қайырымды ісіміз – жанымыздағы дімкәс жанға көмек, өз саулығымызға пайда.   

Лиза СЕЙТІМОВА

img 20201014 wa0018
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз