Ішіне ота жасатқан әйел күйіп қалғанын айтып дабыл қақты

601fcd241407d652310813 Медицина

Атырау ауруханаларының бірінде жасалған отадан кейін оянған науқастың арқасы күйіп қалған. Ота наркозбен жасалды.

«Ота іш маңайында жасалды, отадан кейін демалуым керек. Бірақ арқамды күйік шалуына байланысты бір қырыммен жатуға мәжбүрмін. Солай жатқандықтан ішім ауырады, тынығу мүмкін емес», – деп шағымданды науқас.

Әйелге арқасының қалай күйіп қалғанын ешкім түсіндіре алмады. Оның айтуынша, бұл жағдай мейірбикенің немқұрайлылығынан болған.

caspianlife.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз