Жарнама
Медицина

Еңбегімен еленген жандар

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Атырау облысында ерекше мазмұндағы іс-шара – «Еңбегімен еленген жандар» атты құрмет кеші ұйымдастырылды. Денсаулық сақтау саласының көзге көрінбей еңбек ететін, бірақ тіршіліктің тынысын ұстап тұрған қарапайым мамандық иелеріне арналған бұл басқосуда 17 еңбек озаты арнайы марапатқа ие болды.

Іс-шараны «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды. Кештің негізгі мақсаты – халық игілігі үшін қызмет етіп жүрген жұмысшы мамандардың еңбегін тану, оларға қоғам назарын аудару және кәсіби мәртебесін арттыру.

Марапат иелерінің арасында медициналық мекемелерде қызмет атқаратын санитарлар, емхана аспаздары, жедел жәрдем жүргізушілері, жылыту қазандығы операторлары және техникалық қызмет көрсету саласының өзге де өкілдері бар. Олар өз ұжымдарында жауапкершілігімен, еңбекқорлығымен және тұрақтылығымен ерекшеленген жандар.

Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев пен «SENIM» кәсіподақ филиалының төрағасы Майра Қашкенова қатысып, марапат иелерін құттықтады. Олар өз сөздерінде еңбек адамын ұлықтау қоғамның өркениетті дамуындағы басты өлшемдердің бірі екенін атап өтті.

Мерекелік кеш барысында музыкалық қойылымдар ұсынылып, еңбек озаттарына арналған арнайы әндер шырқалды. Кештің әр сәті еңбекке деген ризашылық пен құрметке толы болды.

Тоғжан ЕРМЕК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button