АТЫРАУДА «АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН 34 СӘБИ ӨМІРГЕ КЕЛГЕН

3c5741bb f77b 429b a0ba 4cdfa546cf08 Медицина

Атырау облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында соңғы екі жылда 34 сәби жарық дүние есігін ашты.  Бұл туралы бүгін Исатай ауданында өткен  көшпелі алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды AtyrauPress облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің Telegram-каналына сілтеме жасап. 

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында былтыр 213 жұпқа, биыл 233 жұпқа квота бөлінген. Соңғы екі жылда жасанды жолмен облыста 34 сәби өмірге келіп отыр. Бедеулік бойынша облыста 1345 отбасылық жұп есепте тұр. Сәби сүйе алмай жүрген отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

«Денсаулық сақтау басқармасы жұмысының жарты жылдық қорытындысын талқылау кезінде атқарылған жұмыстармен қатар, балалар өлімін азайту, жүкті әйелдердің және балалардың денсаулығын сақтау, босанғаннан кейінгі әйелдердің денсаулығын нығайту, отбасын жоспарлау, кадр саясатын жетілдіру бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді. Кадр тапшылығын жою, мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады», – деп жазды Ж.Бисембиев.   

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз