Екпе алғандардың ағзасынан антиденелер анықталды

photo 314336 Медицина

Коронавирусқа қарсы екпе алғандардың басым бөлігінде қан құрамынан антиденелер анықталды. Клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің зерттеу нәтижесі бойынша отандық «QazVac» салдырғандардың 79 процентінде, «Спутник V», «Hayat-Vax», «CoronaVac» алғандардың 90-нан астам процентінде және «Pfizer» мен «AstraZeneca» ектіргендердің 100 пайызынан поствакциналық антиденелер табылған.

7 маусым мен 4 тамыз аралығында елордада «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасында 962 пациент талдау тапсырғанын айта кету керек. Оның ішінде 866 адам «Спутник V» вакцинасын, 58 адам «Hayat-Vax», 14 пациент «QazVac», 12 пациент «CoronaVac» екпесін, 9 адам «Pfizer» вакцинасын және 3 адам «AstraZeneca» салдырған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз