Жарнама
Медицина

Денсаулық сақтау қызметі қолжетімді болса игі

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында атап өткендей, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында еліміздің әр өңірінде жаңа медициналық нысандар салынуы тиіс. Бұл бастама, әсіресе, ауылдар мен шалғай аудандардағы халықтың денсаулық сақтау қызметіне қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Қазір еліміздің медициналық жүйесі дамып, жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтармен жабдықталса да, халықтың денсаулығын сақтау мен күту ісі әрқашан өзекті болып қала береді. 

Қазақстанның әрбір өңірінде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мен тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін, алдымен медициналық инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігі туындайды. Бұл тек ауруханалар мен медициналық орталықтарды салу ғана емес, сонымен қатар медициналық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруды, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау қызметкерлерінің жетіспеушілігін шешуді де қамтуы тиіс.

Жалпы алғанда, еліміздегі денсаулық сақтау саласында көптеген оң өзгерістер мен жаңалықтар болатынына сенімім мол. Әсіресе, жаңа медициналық нысандарды ашу мен ауқымды жобаларды жүзеге асыру — халықтың медициналық көмекке деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы Қазақстанның барлық азаматтары өз денсаулығын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алады. Бұл мемлекеттік саясаттың дұрыс бағытта жүріп жатқандығын және денсаулық сақтау саласындағы барлық шаралардың тиімді жүзеге асатынын көрсетеді.   Қазақстанда медициналық инфрақұрылымның жаңғырту жобаларының жүзеге асуы біздің болашағымыз үшін маңызды. Әрбір азаматтың денсаулығы – мемлекетіміздің басты байлығы. Сондықтан да бұл ірі жобалар алдағы уақытта халықтың медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, еліміздің денсаулық сақтау саласына жаңа серпін беретін болады.

Әлішер ТАЛҒАТҰЛЫ,

«Жастар» денсаулық орталығының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button