d3c1696133944d7dc5f18a045c934b3c

Екі айлық қор бар

Медицина
49 / 100

Былтыр жазда індет өршіп, халық әуре-сарсаңға салынды, науқастарды емдеп-жазудың өзі қиынға
түсті. Дәрі-дәрмектің тапшылығы, оттегі баллондарын ауруларға жеткізу қандай қиын болды десеңізші. Сол кезде қаншама ерікті жас белі бүгіле жүріп, көмек қолдарын созып еді!..

Енді сол кездегідей оттегі баллондарын ешкім тасып жүрмейді. Себебі, облыс бойынша 8 оттегі станциясы бар. Атап айтқанда, олар облыстық перинаталдық және кардиологиялық орталықтары, Атырау облыстық
және модульді жұқпалы аурулар ауруханаларында, №2 облыстық ауруханасында, Құрманғазы, Қызылқоға
және Индер аудандық ауруханаларында орнатылды. Облыстағы емдеу-сауықтыру мекемелерінде 4 МРТ, 13 компьютерлік томография, 41 рентген аппараты, 669 оттегі концентраты, 1514 пульсоксиметр, 272 өкпені жасанды желдету аппараты, 113 «жедел медициналық көмек» машинасы, сондай-ақ 7 жылжымалы медициналық кешен бар.

– Барлық медициналық мекемелерде жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектің екі айлық қоры құрылды, – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Әлия Жәмитова.

Лиза ШАЙХАШҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған