Жарнама
Медицина

Денсаулық сақтау министрлігі: короновирус бойынша жағдай бақылауда

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына мониторинг жүргізу 2022 жылдан бері ЖРВИ және тұмау бойынша қолданыстағы эпидқадағалау жүйесіне енгізілгенін хабарлайды.

Мониторинг қазіргі таңда елде респираторлы вирустар, соның ішінде КВИ айналымы да байқалатынын көрсетті. Осы жылдың басынан бері КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ. Бұл ретте ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендердің жоқтығын айта кету керек, бұл КВИ бойынша дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатқанын көрсетеді. Сонымен секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100 пайыз жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқалары айналыста жүр.

-Республика мемлекеттік бас дәрігерінің м.а. 16 тамызда «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулыға қол қойды. Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар енгізілген, — делінген министрліктің хабарламасында.

Аталған іс-шаралардың қатарында биыл 1 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу, медициналық мекемелерде кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы атап көрсетілген. Сонымен қатар ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Айт кету керек, ақ халаттылар тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар жүргізу қажеттігін ұсынады. Мәселен, ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгінуге бейжай қарамау керек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button