ГЕПАТИТ ЛАС ЖЕРДЕН ЖҰҒАДЫ

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәжіліс залында санэпидемиологтар мен дәрігер –инфекционистер, емханалардың дәрігерлері, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен аймақта вирустық гепатиттердің алдын алу айлығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өткізілді.

 Өңірде айлықтың өту барысы туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Өмірзақ Зинуллин хабарлама жасады.

-Дүниежүзілік денсаулық ұйымының мәліметтері бойынша, – деді бас санитар,- әлемде өмір сүріп жатқан адамдардың ішінде 2 миллиард адам гепатит «В» вирусын жұқтырған. Жыл сайын осы гепатит вирусынан 4 миллион адам, соның ішінде 1 миллион науқас бауырдың қатерлі ісігі және цирроздан болатын өлім-жітім тіркеледі.
Ал, облыс жағдайына келсек, ағымдағы жылдың өткен жеті айында жалпы жіті вирустық гепатиттің 19 ауруы тіркелген, яғни 100,0 адамға шаққандағы ауру көрсеткіші – 3,43. Республикалық көрсеткіш – 4.31 (723 жағдай). Былтырғы жылдың осы мерзімінде 24 ауру тіркелсе, оның басым бөлігін «А», «В», «С» вирустық гепатиттері құраған.
Жалпы аймақта соңғы он жылда алдын ала егу жұмыстарының нәтижесінде аталмыш жұқпалар біршама азайды. Осы кезеңде «В» вирустық гепатитке қарсы екпені енгізгеннен бері өңірде бұл аурушаңдық 8,4 есеге, 2 жастағы балалар арасында «А» вирустық гепатит 6 есеге төмендеді.
Мамандар вирустық гепатиттердің алдын алып, сақтану кезінде үлкенді-кішілі әрбір тұрғындар бөтен адамның қанымен ластанған жеке гигиеналық құралдардың (сақал-мұрт қыратын, маникюр және педикюр жасайтын құралдар, тіс щеткасы, тарақ, орамал) дезинфекциядан өткізілгеніне, сондай-ақ емдік-профилактикалық мекемелерде диагностикалық және емдік шаралар бір рет қолданылатын құралдармен жүргізілетініне көз жеткізгендері жөн.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз