«ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ» ПАЙДАСЫ
Онда селолық емхананың дәрігері Ж.Саламатова оқушыларға сары ауру, қызылша, туберкулез, ЖИТС, желшешек ауруларының белгісі, жұғу жолдары туралы түсіндірді. Мектепте денсаулық бұрышы жасақталып, сыныптарда қабырға газеттері шығарылып, денсаулыққа қатысты сынып сағаттары болды. Емхананың акушер-дәрігері Б.Төралиева 5-7 сыныптың оқушы қыздарына «папилома» екпесі туралы дәріс оқыса, медбикелер Г.Нұрмұханова, Д.Түсіпова туберкулез жайлы, А.Ақсұлтанова манту сынамасы, Ж.Досқалиева туберкулездің белгілері, медбике Б.Қуанышқалиева дұрыс тамақтану жайында дәрістер оқып, кеңестер берді.
Мектеп директоры Ғ.Жиенғазиев «Денсаулық күнін» өткізген село дәрігерлеріне ұжым атынан ризашылығын білдірді.
Гүлдариға БАЛАШЕВА,
Х.Нәубетов атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,
Исатай ауданы.