Жарнама
Медицина

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Елімізде жыл сайын өткізіліп келе жатқан республикалық репродуктивті денсаулық апталығы – қоғамдағы маңызды медициналық, әлеуметтік және тәрбиелік мәселелердің бірі – жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, оларды ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылатын ауқымды шаралардың бірі. Биыл бұл апталық 12 мамырда бастау алып, Қазақстанның барлық өңірінде түрлі кездесулер, дәрістер, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Апталық аясында Атырау қаласында маңызды іс-шара ұйымдастырылып, онда адам папиллома вирусы, оның алдын алу, вакцинация мен скринингтің маңыздылығы жөнінде арнайы кездесу өтті.

Жиында Атырау қалалық №7 емхананың ана мен бала қызметіне жауапты дәрігері Нұрханым Үмбетқалиева адам папиллома вирусының жастар арасындағы кең таралуы, оның жатыр мойны обыры сынды қауіпті дертке әкелуі мүмкін екендігін және бұл дерттен дер кезінде жасалатын вакцинация мен тұрақты скрининг арқылы тиімді түрде қорғануға болатынын түсіндірді.

Ана мен бала денсаулығы – мемлекеттің басты байлығы.  Сондықтан әрбір жас өз саулығына аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл туралы  Атырау облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Зәмзагүл Жалмурзина атап айтты.

Облыстық білім беру басқармасының бас маманы Қадыржан Сапаров ата-аналар мен ұстаздарға балалардың денсаулығына бей-жай қарамай, уақытылы ақпараттандырудың, профилактикалық шаралардың, әсіресе вакцинацияның маңыздылығын түсіндіріп отыру қажет екенін еске салды.

Бұл жиын қоғамның санасын өзгертуге, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған үлкен қозғалыстың бір бөлшегі болды.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button