Жарнама
Медицина

Дәрігерді жазалау талаптары жеңілдетілмек

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында денсаулық сақтау мәселесіне арналған заң жобасын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина немесе фармацевтика қызметкерлеріне қатысты жазалауды жеңілдету ұсынылып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасы аясында медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және Қылмыстық кодекстің 317-бабының санкциялық шараларын жеңілдету бойынша нормалар ұсынылды. 2018-2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан 14 123 өтініш түсті. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жыл сайын 300-ге жуық іс қозғалады. Бұл ретте көбінесе хирургиялық бейіндегі мамандарға қатысты болып тұр», — деді А.Ғиният.

Оның айтуынша, заң жобасында денсаулығына абайсызда орташа әрі ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайту ескерілген. Науқастың денсаулығына ауыр зиян келтіргенде немесе қайтыс болғанда, жазаның мерзімдерін қайта қарай отырып, «бас бостандығынан айыру» жазасын «бас бостандығын шектеуге» ауыстыру ұсынылып отыр.

«Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, жазаны ізгілендіруге бірнеше рет әрекет жасаған болатын», — деді министр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button