Жарнама
Медицина

COVID-тің жаңа түрі Еуропада, Солтүстік Америкада және Азияда белең алуда

COVID-тің әлдеқайда қауіпті «XEC» деп аталатын жаңа түрі Еуропада, Солтүстік Америкада және Азияда жылдам тарауда. Қазірдің өзінде 600-ден астам жағдай тіркелді, — деп хабарлайды zakon.kz.

The Conversation басылымының мәліметінше, Xec штамы алғаш рет Германияда 2024 жылдың тамызында тіркелген. Ғалымдардың болжамынша, дереу шара қолданбаса, аталмыш вирус алдағы бірнеше айда планетаның біраз бөлігінде таралуы мүмкін.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, жаңа штамының бұрынғыдан атап айтарлық айырмашылығы жоқ. Мысалы, инфекцияның белгілеріне жоғары температура, тамақ, бас және дене ауруы, шаршау және жөтел жатады.

Алайда, сарапшылар вирустың таралу жылдамдығына алаңдап отыр.

Бұған дейін Денсаулық сақтау басқармасы Цефтриаксон дәрілік препаратына қатысты түсініктеме берген болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button