Covid-19: Атырау облысында 135 мың тұрғын екпе алды

6a052700eb8d679c512db1d29133e962 original.63821 920x425 1 Медицина

Өңірде халықты covid-19ға қарсы  жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

26 шілде бойынша, «Спутник V», «QAZVAC»,  вакциналарының I компонентін 984 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 26 шілде  аралығындағы кезеңде барлығы 135 668 адам «Спутник V», «QAZVAC»  вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 85 834 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы  вакциналар  туралы ақпаратты мына нөмер бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз