Нұрлан Ноғаев: Мақсатымыз – туберкулез ауруы бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізу (ФОТО)

WhatsApp Image 2018 02 01 at 08.06.50 e1517479258901 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Құрманғазы ауданына жұмыс сапары басталды. Аймақ басшысы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-02-01 at 08.06.49(1)

 

Облыс әкімі алдымен Ганюшкино селосындағы туберкулезбен ауыратындарға арналған шипажайға барды. Бұрын туберкулез ауруханасы болған бұл ғимарат бірнеше жылдан бері бос тұрған еді. Шипажай қазіргі заманғы талапқа сай болмағандықтан, соңғы стандарттар бойынша жабдықталған жаңартылған ғимарат салу туралы шешім қабылданған. Облыс әкімі осындай медициналық нысандар құрылысын басқа аудандардан да жүргізу мәселесін қарастыру туралы тапсырма берді.

«Біз бұл ауруды жеңу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Бұл ақша санап отыратын мәселе емес. Қанша қажет, сонша бөлеміз. Туберкулез – әлеуметтік ауру, онымен күресу керек. Біздің мақсат – аурушаңдық бойынша нөлдік көрсеткішке қол жеткізу»,-деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, туберкулез аурушаңдығының  көрсеткішін азайту үшін, соның ішінде қайталамалы түрлерінің алдын алу үшін осындай шипажайлардың рөлі зор.

«Мұнда сауығуға, иммунитетті көтеруге, ауру санын азайтуға қажетті барлық жағдай жасалады»,-деді Мәншүк Аймұрзиева.

WhatsApp Image 2018-02-01 at 08.06.50

 

Айта кету керек, Құрманғазы ауданында Атырау облысындағы тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған жалғыз мемлекеттік оңалту орталығы жұмыс істейді. Қазір мұнда  20 бала ем қабылдауда. Орталықтың жұмысымен танысып, мамандармен сөйлескен Нұрлан Ноғаев осы салада жеке бизнеспен серіктестікте жұмысты ұйымдастыруды тапсырды. Аймақ басшысы мұндай орталықтарды мемлекет қамтамасыз ететінін айтты.

WhatsApp Image 2018-02-01 at 08.06.49(2)

«Кәсіпкерлер осындай орталықтар салуы керек, біз өз тарапымыздан мемлекеттік тапсырыспен қамтимыз. Ерекше балалар ғана емес, басқа санаттағы азаматтар да, мысалы жүрегі ауыратындар да сауықтыру шараларын алғылары келеді»,-деді Нұрлан Ноғаев.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз