
Медицина
Covid-19: 84 науқастың жағдайы ауыр
8 пациент ӨЖЖ аппараттарына қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1736 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 57,6 % құрайды (3012 төсек-орынға).
Реанимация бөлімшелерінде 84 пациент жатыр, олардың 8 ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жүктеме 73,6 % (114 орынға) құрайды.