«Біз үшін әрбір адам маңызды»
Елімізде медицина саласы жыл санап даму үстінде. Соңғы жылдары ауруханалар мен емханалар заманауи медициналық аппараттармен жарақтандырылып, халыққа қызмет көрсету сапасы жақсарып келеді. Әрине, бұған денсаулық сақтау саласы бойынша енгізіліп және қабылданып жатқан жаңа бағдарламалардың септігі тигені анық. Осы орайда, №2 қалалық емханада атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Оған емхананың бас дәрігері Гүлмира ШАМАЕВАМЕН жүздесіп, ой бөліскен кезде айқын көз жеткіздік.
— Гүлмира Табылдықызы, алдымен өзіңіз басқарып отыр-ған емхананың тыныс-тіршілігі жайында айтып өтсеңіз. Емделушілерге қандай қызмет түрлерін ұсынасыздар?
— Өңірдегі барлық емдеу мекемелері сияқты, біздің №2 қалалық емхана ұжымы да «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау» реформасы мен 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы негізінде халық денсаулығын сақтау бағытында біршама оң істерге қол жеткізді.
Емхананың материалдық-техникалық базасы жыл санап жақсаруда. Емдеу орны ауысымына 650 емделушіге есептелген. Пациенттерге арналған еркін кіріп, шыға алатын мүмкіндіктер, мүгедектерге арналған ыңғайлы пандустар да қарастырылған. Емхананың тіркеу бөлімінде «Кезексіз емхана» жұмыс режімі енгізілді. Тұрғындарға тікелей көп нүктелі телефондар, емхана сайты арқылы алдын ала қаралуға жазылу ұйымдастырылды. Дәрігерлердің жұмыс кестелері, кабинет атаулары, сайттар, тағы басқа маңызды ақпарат тақталары бірінші қабатта көрнекі жерге ілінген.
Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.